370

Ақтөбеде полицей парақорлық пен зорлау ісі бойынша күдікке ілінді

Полиция қызметкері үйқамақтан қашып шығып, қыз зорлағаны айтылды.

Ақтөбеде полицей парақорлық пен зорлау ісі бойынша күдікке ілінді
polisia.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе облысында полицейге қатысты ауыр айыптар тағылды. Алдымен ол пара алды деген күдікпен ұсталған, кейін үйқамақтан қашып шығып, тағы бір қылмыс жасады деген ақпарат тарады.

Алдын ала мәлімет бойынша, тәртіп сақшысы мас жүргізушіден ақша алған кезде қолға түскен. Кейін сот шешімімен ол үйқамаққа жіберілген. Алайда күдікті электронды бақылау құрылғысын шешіп, бостандыққа шыққан.

Осыдан кейін ол бұрынғы сүйіктісіне барған. Арада жанжал туындап, қыз полицияға зорлық жасады деп арызданған.

Бұл деректі Orda.kz редакциясына облыстық ПД растады. Қазір күдікті қайта қамауға алынғанымен, тергеудің өзге мән-жайы әлі жарияланған жоқ.

Материал авторы