SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» мамандары 22 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялап, бірқатар облыстарда найзағай, желдің күшеюі, шаңды дауыл және төтенше өрт қаупі сақталатынын ескертті.
Маңғыстау облысында батысы мен оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстігінде жоғары, солтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі бар.
Жетісу облысында күндіз орталық пен таулы аудандарда найзағай ойнайды. Түнде және таңертең таулы өңірлерде тұман түседі. Шығысында және таулы аудандарда желдің екпіні 23-28 м/с дейін жетуі мүмкін. Батысы мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысында күндіз батыс, солтүстік және оңтүстігінде найзағай, дауыл болжанады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Көкшетауда желдің екпіні 15 м/с-қа жетуі ықтимал.
Атырау облысында солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында төтенше өрт қаупі бар. Атырау қаласында да жағдай осындай.
Ақтөбе облысында 22-24 қыркүйек аралығында бірқатар өңірлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Астана қаласында күндіз найзағай мен дауыл болжанып отыр. Желдің екпіні 18 м/с-қа дейін күшейеді.
Алматы облысында желдің бағыты оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, күші 22 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Қонаев қаласында да жағдай осыған ұқсас.
Жамбыл облысында таңертең және күндіз оңтүстігі мен таулы аудандарда найзағай күтіледі. Желдің екпіні 28 м/с-қа дейін жетеді. Тараз қаласында да қатты жел болжануда.
Қарағанды облысында күндіз найзағай күтіледі. Кей өңірлерінде желдің күші 20 м/с-қа дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз найзағай, кей жерлерінде бұршақ пен дауыл күтіледі. Петропавлда найзағай ойнайды.
Ұлытау облысында солтүстігі мен орталығында найзағай болады. Желдің күші 20 м/с-қа дейін жетеді.
Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында түнде тұман түсіп, кей аудандарда 1 градус үсік күтіледі.
Павлодар облысында солтүстігінде күндіз найзағай күтіледі.
Қостанай облысында найзағаймен қатар тұман күтіледі. Кей аудандарда желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді.
Қызылорда облысында орталығы мен шығысында шаңды дауыл болжануда. Өрт қаупі төтенше деңгейде.
Батыс Қазақстан облысында бірқатар өңірлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысында солтүстігінде шаңды дауыл болжанып отыр. Желдің екпіні 23 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Шымкент пен Түркістан қалаларында да төтенше өрт қаупі бар.
RUS