Франция Палестина мемлекетінің тәуелсіздігін ресми мойындады

23.09.2025, 09:46
434
Франция Палестина мемлекетінің тәуелсіздігін ресми мойындады Виталий Носач, РБК-Украина

Франциядағы жөйіттердің дүмпуіне қарамастан, Франция Палестинаның тәуелсіздігін мойындады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Франция президенті Эммануэль Макрон БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясында Палестина мемлекетін ресми түрде мойындағанын жариялады. Ол әлем қақтығыстарды тоқтатуға уақыт жоғалта алмайтынын айтып, Газа секторындағы соғысты тоқтатуға және ХАМАС ұстап отырған 48 тұтқынды босатуға шақырды.

«Біз бұдан әрі күте алмаймыз. Ештеңе соғысты жалғастыруды ақтай алмайды. Бұл соғысты тоқтататын сәт келді», – деді Макрон.

Франция осылайша Ұлыбритания, Португалия, Канада және Австралиядан кейін Палестина мемлекетінің тәуелсіздігін ресми мойындаған елдердің қатарына қосылды.

Алайда Израиль тарапы мұндай қадамға наразы. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Францияның шешімін «терроризмге берілген үлкен сый» деп бағалады. БҰҰ-дағы Израиль делегациясы Макронның сөзін тыңдаудан демонстратив түрде бас тартты.

Израильдің Франциядағы елшілігі мәлімдемесінде:

«ХАМАС 7 қазандағы қырғынды қайталауға уәде етіп отыр. Бұл Холокосттан кейін еврейлерге жасалған ең қанды шабуыл. Соған қарамастан кейбір мемлекеттер террористерді марапаттап отыр», – делінген.

Сауд Арабиясы Францияның шешімін «тарихи қадам» деп атап, өзге мемлекеттерді де Палестинаны мойындауға шақырды.

«Бұл қадам Таяу Шығыстағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға елеулі ықпал етеді», – деді елдің сыртқы істер министрі Фейсал бин Фархан.

Франциядағы солшыл саясаткер Жан-Люк Меланшон да бұл шешімді қолдап, «қырғын мен геноцидті тоқтатудың халық күресі жеңісінің нәтижесі» деп атады.

Ал Палестина тарапы шешімді «тарихи әрі батыл» қадам деп бағалады. Палестина көшбасшысы Махмуд Аббас:

«Франция, Сауд Арабиясы және Ұлыбританияның халықаралық қолдауды күшейтудегі рөлі орасан зор. Бұл – бейбітшілік пен «екі мемлекет» шешіміне жасалған үлкен қадам», – деді.

Палестинаның Сыртқы істер министрлігі де Париждің әрекетін жоғары бағалап, Францияны басқа елдерге үлгі болуға шақырды.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады