353

Алматыда жігіт сүйіктісін үйленуге келіспегені үшін өлтіріп тастаған.

19 жастағы қызды өлтіріп, денесін қоқысқа тастаған жігітке сот үкім шығарды.

Алматыда жігіт сүйіктісін үйленуге келіспегені үшін өлтіріп тастаған.
Мой Город / көрнекі сурет

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда 19 жастағы қызды буындырып өлтірген Қазығұрт ауданының тұрғыны Бахтиер У. кінәсін мойындап, 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Оқиға 2023 жылдың қарашасында тіркелген. Жігіт қалаға келіп, 19 жастағы қызбен үш күн бірге тұрған. Үшінші күні ол үйлену туралы ұсыныс жасаған, алайда қыз үзілді-кесілді бас тартқан. Осыдан кейін айыпталушы қызды электр сымымен байлап, буындырып өлтірген.

Қылмысты жасыру үшін ол «Кенжехан-1» базарынан үлкен қап сатып алып, мәйітті соған салып, қала сыртындағы сайға апарып тастаған. Марқұмның денесі тек екі айдан кейін табылды.

Тергеу барысында айыпталушы кінәсін толық мойындады. Қаза тапқан қыздың ата-анасы 100 млн теңге моральдық өтемақы талап еткен, алайда сот тек 10 млн теңге өндіріп беруді ұйғарды.

Сот үкімі күшіне енді.

Материал авторы