469

Атырауда ер адам бөтен үйдің терезесінен қарап, мастурбация жасағаны үшін істі болды

Видео қоғамда резонанс тудырды.

Атырауда ер адам бөтен үйдің терезесінен қарап, мастурбация жасағаны үшін істі болды
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облысының Құрманғазы ауданында ер адамның бөтен үйдің аумағына заңсыз кіріп, орынсыз әрекет жасаған сәті бейнекамераға түсіп қалды. Бұл оқиға кейін қылмыстық іс қозғауға себеп болды.

Оқиға 20 қыркүйекте болған. Жазбада ер адамның бөгде аулада жүргені және терезеге үңіліп тұрғаны көрінеді. Видео әлеуметтік желіде тарап, жұртшылықтың ашу-ызасын тудырды.

Алғашында полиция бұл дерек бойынша Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша хаттама толтырған. Сот ер адамды 60 сағат қоғамдық жұмысқа тарту туралы шешім қабылдаған еді.

Алайда кейін жәбірленуші жаңа дәлелдер ұсынып, істі қайта қарауды сұраған. Соның нәтижесінде іс қылмыстық кодекстің 115-1-бабы («Сталкинг») бойынша тіркелді.

Бұл бап — бөтен адамның еркінсіз оны аңду, қудалау немесе байланыс орнатуға тырысу арқылы психологиялық қысым көрсету секілді әрекеттерді қарастырады. Мұндай заңбұзушылық үшін айыппұл (200 АЕК-ке дейін), 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыс немесе 50 тәулікке дейін әкімшілік қамау жазасы қарастырылған.

Полиция департаменті қосымша тергеу шаралары жүріп жатқанын хабарлады. Қазір күдіктінің нақты әрекетіне құқықтық баға беру үшін барлық материалдар жиналып жатыр.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор