Қостанайдағы айықтырғыш мекемеде соққыға жығылған ер адам бүйрегінен айырылды

25.09.2025, 13:15
276
Қостанайдағы айықтырғыш мекемеде соққыға жығылған ер адам бүйрегінен айырылды бейнежазбадан

Жағдайдың бейнежазбасы тарады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде Қостанайдағы уақытша бейімдеу және айықтырғыш орталығында түсірілген бейнежазба тарады. Кадрларды 61 жастағы ер адамның қызы жариялады.

Видеоға сәйкес, орталықтың бір қызметкері бөлмеде темекі тұтатқаны үшін ер адамды аяусыз ұрып-соққан. Қызының айтуынша, әкесі ауыр жарақат алған: оң бүйрегі жыртылып, көп қан жоғалтқандықтан дәрігерлер оны алып тастауға мәжбүр болған. Сондай-ақ 11-ші және 12-ші қабырғасы сынған.

Оқиға биыл шілдеде болған. Қостанай облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Күдікті ұсталып, қамауға алынды, кейін үйқамаққа жіберілді. Қазір барлық тергеу шаралары жүргізілуде, жақын арада іс сотқа жолданады», – делінген полиция хабарламасында.

Жәбірленушінің қазіргі жағдайы әзірге белгісіз. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы оқиғаға түсініктеме берген жоқ.

Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан