Ақтөбеде аты белгілі жаттықтырушыны алаяқ деп таныды

25.09.2025, 13:50
296
Ақтөбеде аты белгілі жаттықтырушыны алаяқ деп таныды time.kz

56 жастағы бапкер сотта кінәсін мойындады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе қалалық соты жүзуден еңбек сіңірген бапкер Азамат Сарбасовты алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп тапты.

Тергеу мәліметінше, ол өткен жылдың күзінде және биыл көктемде шәкірттерімен бірге Шымкентте оқу-жаттығу жиынына барды деген құжаттар тапсырған. Осы негізде алғаш рет 1,5 миллион, кейін тағы 1,9 миллион теңге іссапар шығыны ретінде бөлінген.

Бухгалтерияға тапсырылған теміржол билеттері мен отырғызу талондары да жалған болып шыққан. Мемлекеттік аудит Сарбасовтың шәкірттерімен ешқандай жиынға бармағанын анықтады. Спортшылардың өздері де мұндай жиыннан бейхабар болған.

56 жастағы бапкер сотта кінәсін мойындады. Ақтөбе қаласының №2 соты оны 3 жыл 6 айға бостандығын шектеу жазасына кесіп, 6 жыл бойы мемлекеттік ұйымдарда, соның ішінде спорт мектептерінде жұмыс істеуге тыйым салды.

Алайда Конституцияның 30 жылдығына орай жарияланған амнистияға байланысты жаза мерзімі 2 жыл 4 айға қысқарды. Сонымен қатар, Сарбасов жәбірленуші өтемақы қорына 78,6 мың теңге төлеуі тиіс.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды