SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қостанайдағы айықтырғышта 61 жастағы ер адамға күш көрсетіліп, оның бір бүйрегін алу жағдайы бойынша санитарлар жұмыстан босатылды.
Медициналық мекеме мәліметінше, санитарлар дереу жұмыстан шығарылған, ал бөлім меңгерушісі мен аға медбике тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
«Пациент біздің бөлімге жедел жәрдем шақырмай жеткізілді, төрт сағаттан соң ол шығып кетті. Кейін бізге оның қосымша медициналық көмекке жүгінгені белгілі болды. Психикалық денсаулық орталығы болған жағдайға терең өкінеді және пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қызметкерлердің кәсіби этика нормаларын сақтауға бар күшін салуда», – деді Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығының міндетін атқарушы орынбасары Зарина Павлова.
Естеріңізге сала кетейік, ер адамға санитарлар шабуыл жасап, оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Зардап шеккен адамға екі қабырға сынуы және бүйрек жарылуы диагнозы қойылып, кейін бүйрек алынып тасталған. Бұл видеоны желіге зардап шеккеннің қызы жариялады.
Қазір полиция қылмыстық іс қозғап, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Алдағы уақытта іс материалдары сотқа жіберілмек.
RUS