30 қыркүйектегі ауа райы: жаңбыр, үсік және шаңды дауыл

30.09.2025, 09:09
252
30 қыркүйектегі ауа райы: жаңбыр, үсік және шаңды дауыл pxfuel.com

Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 29 қыркүйектен бастап еліміздің бірқатар аймағында қолайсыз ауа райы күтілетіні жөнінде «Қазгидромет» дабыл қақты.

Жетісу облысында 30 қыркүйекте таулы аудандарда түнде қатты жауын-шашын түсіп, қарға ұласуы мүмкін. Күндіз нөсер күтіледі. Найзағай ойнап, тұман түседі. Желдің екпіні секундына 23–28 метрге дейін жетуі ықтимал.

Түркістан облысында 1 қазанда ауа температурасы күрт төмендеп, +12…+17 градусқа дейін салқындайды. Таулы аудандарда +7 градусқа дейін түседі. 2 қазанда түнде үсік жүруі мүмкін. Шымкент пен Түркістанда да күндіз +14…+16 градусқа дейін төмендейді. 30 қыркүйекте өңірде найзағай ойнап, таулы аумақтарда жел күшейеді. Сонымен қатар облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында 30 қыркүйекте желдің күші секундына 15–20 метрге жетеді. Өңірде жоғары өрт қаупі бар.

Атырау облысында 30 қыркүйекте батыс, солтүстік және оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Жел екпіні 20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Бірқатар аудандарда төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысында түнде қатты жаңбыр жауып, бұршақ пен дауыл болуы ықтимал. Кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түседі. 1–2 қазанда таулы аудандарда жаңбыр қарға ұласады. 2 қазанда үсік күтіледі.

Ұлытау облысында түнде 2 градус үсік жүруі ықтимал. Өңірдің оңтүстігінде өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысында 30 қыркүйекте түнде 1–6 градус аяз күтіледі. Павлодар қаласында да 2–4 градус аяз болжанып отыр.

Астана қаласында 30 қыркүйекте тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысында да 30 қыркүйекте жаңбыр жауып, қарға ұласуы мүмкін. Кей жерлерде жел күшейеді.

Абай облысында да осы күні қатты жауын-шашын болжанған. Жел күшейіп, тұман түсуі мүмкін.

Ақмола облысында 29–30 қыркүйекте күн күрт суытып, 30 қыркүйекте түнде 1–6 градус аяз күтіледі.

Қарағанды облысында 30 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстігінде 3 градусқа дейін үсік жүреді.

Батыс Қазақстан облысында да түнде 3 градусқа дейін үсік күтіледі. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Ақтөбе облысында да дәл осындай жағдай. Түнде үсік жүріп, жел күшейеді.

Қостанай облысында қар аралас жаңбыр жауады. Кей аудандарда көктайғақ пен бұрқасын болады.

Маңғыстау облысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Алматы облысында да 30 қыркүйекте найзағай күтіліп, жел күшейеді. Қонаев пен Алматыда да ауа райы қолайсыз болады.

Синоптиктер тұрғындарды абай болуға шақырады.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды