SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» алдағы тәуліктерге байланысты бірқатар облыстарда ауа райының қолайсыз болатынын хабарлады.
Қарағанды облысында 1 қазанда жаңбыр қарға ұласуы мүмкін. Түнде және таңертең тұман түсіп, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Маңғыстау облысында да қатты жел күтіледі. Ақтауда түнде желдің күші 15-18 м/с-қа жетуі ықтимал.
Ақтөбе облысында 1-3 қазан аралығында өрт қаупі жоғары болып қала береді.
Жетісу облысында 1 қазанда күндіз таулы және орталық аудандарда қатты жаңбыр, қар күтіледі. Кей жерлерде жел 23-28 м/с-қа дейін күшеймек. Алакөл ауданында желдің жылдамдығы 30 м/с-тан асады деп болжанған.
Атырау облысында түнде солтүстік-шығыста 3 градус үсік күтіледі. Облыстың көп бөлігінде өрт қаупі сақталады.
Абай облысында тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Алматы облысында таулы аудандарда жаңбыр аралас қар жауады, тұман түседі. Кей жерлерде жел 25 м/с-қа дейін жетеді. Алматыда қатты жаңбыр күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында да 3 градус үсік болжанған. Сонымен қатар төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз қатты жаңбыр мен қар күтіледі, кей өңірлерде тұман болады.
Павлодар облысында да қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі. Жел 20 м/с-қа дейін күшейеді.
Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталып отыр.
Жамбыл облысында түнде және таңертең тұман күтіледі, таулы аудандарда жел күшейеді. Таразда қатты жаңбыр жаууы мүмкін.
Қостанай облысында түнде қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ түсуі ықтимал.
Солтүстік Қазақстан облысында 1 қазанда жаңбыр мен қар жауып, желдің екпіні 20 м/с-қа дейін күшейеді. Петропавлда да қар аралас жаңбыр болжанып отыр.
Ақмола облысында күндіз жел күшейеді.
Жетісу облысында 1-2 қазанда ауа райы күрт өзгермек: жаңбыр қарға ұласып, түнде үсік жүреді.
Түркістан облысында 2 қазанда таулы аудандарда қар аралас қатты жауын-шашын күтіледі. 1 қазанда облыс бойынша ауа температурасы 7-17 градусқа дейін төмендейді. Шымкент пен Түркістан қалаларында күндізгі ауа райы күрт суытады.
RUS