702

2 қазандағы ауа райы: қар аралас жаңбыр, тұман және үсік

Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

2 қазандағы ауа райы: қар аралас жаңбыр, тұман және үсік
Getty Images

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» алдағы тәуліктерге арналған ауа райы болжамын жариялап, бірқатар өңірлерде қолайсыз жағдай күтілетінін хабарлады.

Жамбыл облысында
1 қазанда және түнге қарай жауын-шашын (жаңбырдың қарға ұласуы), көктайғақ болжанады. 2 қазанда тұман түсіп, таулы аудандарда желдің екпіні 15–20 м/с дейін күшейеді. Өңірдің батысы мен солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында
2 қазанға қараған түні таулы аймақтарда жаңбыр мен қар жауып, тұман болады. Алакөл маңында желдің екпіні 23–28 м/с-қа жетуі мүмкін.

Алматы облысында
2 қазан күні оңтүстікте және тауда тұман түседі. Жел 15–20 м/с-қа күшейеді. Солтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда түнде жаңбыр күтіледі.

Маңғыстау облысында
2 қазанда өңірдің батысы мен солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында
2 қазанда солтүстік, оңтүстік және шығыс аудандарында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Павлодар облысында
2 қазанға қараған түні жаңбыр мен қар жауып, кей жерлерде тұман түседі. Желдің күші 15–20 м/с.

Түркістан облысында
Таулы аудандарда тұман болады, асуларда жел күші 15–20 м/с-қа жетеді. Солтүстік пен батыста төтенше өрт қаупі сақталады.

Астана қаласында
2 қазанда жаңбыр мен қар жауады. Таңертең және күндіз желдің екпіні 20–23 м/с-қа күшейеді.

Батыс Қазақстан облысында
2 қазанға қараған түні 3 градусқа дейін үсік күтіледі. Кей аудандарда төтенше өрт қаупі бар.

Қарағанды облысында
2 қазанда желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында
2 қазанда жаңбыр мен қар жауып, кей аудандарда тұман мен көктайғақ күтіледі. Жел екпіні 23 м/с-қа жетуі ықтимал.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында
2 қазан түнінде жаңбыр, қар жауып, кей жерлерде тұман күтіледі. Желдің екпіні 23–28 м/с дейін күшеюі мүмкін.

Қызылорда мен Ұлытау облыстарында
2 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында
1–3 қазан аралығында облыстың көп бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Материал авторы