Қандыағаш әкіміне әйелді соққыға жыққаны үшін айып тағылды

02.10.2025, 11:55
936
Қандыағаш әкіміне әйелді соққыға жыққаны үшін айып тағылды әлеуметтік желіден

Бұл әйелмен қарым-қатынасым болғанына өкінемін дейді әкім.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мұғалжар аудандық сотында Қандыағаш әкімі Қазбек Аққайырға қатысты қылмыстық іс қаралуда. Оны әйел адамды ұрып-соққан деп айыптап отыр.

Жәбірленушінің сөзінше, әкім алғаш рет өз кабинетінде қол көтерген: мойнын қысып, жұдырық жұмсаған. Бұдан кейін ол бірден дәрігерлерге жүгінген. Сотта әйел 500 мың теңге моральдық өтемақы және 300 мың теңге адвокат шығынын өндіруді талап етті.

Айыпталушы өз кінәсін мойындамай отыр:

«Бұл әйелмен қарым-қатынасым болғанына өкінемін. Қазірдің өзінде отбасымның алдында салдарын тартып жатырмын. Соттан ақтап шығуды сұраймын», — деді ол.

Прокурор Қазбек Аққайырды ҚР ҚК 109-1-бабының 1-бөлігі («Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру») бойынша кінәлі деп танып, 80 АЕК көлемінде (314 560 теңге) айыппұл салуды сұрады.

Сот ісі жалғасуда.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады