801

Астанадағы Ана мен бала орталығында бала жоғалды деген рас па?

Ақпаратқа UMC түсініктеме берді.

Астанадағы Ана мен бала орталығында бала жоғалды деген рас па?
instagram.com/anamenbala.umc

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желілерде Астанадағы UMC «Ана мен бала» орталығында бала жоғалды деген хабар тарады. Медициналық мекеме бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме берді.

UMC баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 2025 жылғы 30 қыркүйекте болған.

«30 қыркүйек күні сағат 15:55-те анасы 12 жастағы баласымен бірге қабылдау бөліміне госпитализация үшін жүгінді. Құжаттарды рәсімдеу кезінде бала күту аймағынан шығып кеткен. Шамамен жарты сағаттан соң табылып, оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төнбеген», — делінген хабарламада.

Клиника өкілдері орталықта пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін халықаралық стандарттар сақталатынын атап өтті. Сондай-ақ жалған ақпарат таратудың заңға сәйкес жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін ескертті.

Материал авторы