SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандық актриса, үш баланың анасы Динара Қырықбаева арықтау жолындағы тәжірибесімен бөлісті. Өнер иесі бұл нәтижеге тек ота арқылы ғана емес, сонымен бірге тәртіп пен еңбек арқасында қол жеткізгенін айтты.
Актриса өз блогында ағынан жарылды.
«Мен үш баланың анасымын. Үшеуін де кесар тілігі арқылы босандым. Әр жүктіліктен кейін салмағым 100 келіге жуықтап қалатын. Ал менің әдеттегі салмағым – 65 келі. Әрине, бұл жағдайды қабылдау оңай болмады. Бірақ білесіз бе? Ол килограммдар ең бақытты шақтарым еді, өйткені олармен бірге өмірімдегі ең қымбатты сыйды – балаларымды алдым», — деді ол.
Үшінші босанудан кейін Динара Қырықбаева іш аймағындағы артықты кетіру үшін ота жасатуға бел буған.
«Бірақ қалғанының бәрі – тәртіп, қимыл-қозғалыс, дұрыс тамақтану және өз-өзіңе сену. Қазір комплимент естіп, көпшіліктің назарын байқаймын. Бірақ соның артында үлкен еңбек тұрғанын білемін. Ең бастысы — килограмм емес. Ең бастысы — өз тәніңде бақытты болу. Әр әйел бұған қол жеткізе алады. Жылдам болмаса да, мүмкін. Тек қолды бір сілтемей, алға жылжу керек», — деп түйіндеді актриса.
Сондай-ақ ол бойы мен қазіргі салмағын да жасырмай айтты: 168 см, 73 кг.
Әлеуметтік желіде актрисаның жазбасына жылы пікірлер қалды:
«Қазір де, бұрын да керемет көрінесіз! Көзіңіз бен күлкіңіз өмірге деген сүйіспеншілікті көрсетіп тұрады», «Динарочка, қандай мықтысыз!», «Костюмыңыз бен мүсініңіз тамаша!» — деп жазды желі қолданушылары.
RUS