2209

300 млн теңгеден аса заңсыз мұнай саудасына қатысы бар күдікті Дубайдан әкелінді

Қылмыс ашылған соң елден қашқан күдікті Дубайдан әкелінді.

300 млн теңгеден аса заңсыз мұнай саудасына қатысы бар күдікті Дубайдан әкелінді
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Бас прокуратура мен Қаржылық мониторинг агенттігінің бірлескен жұмысы нәтижесінде заңсыз мұнай айналымына қатысы бар күдікті Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға жеткізілді.

Ресми мәліметке сәйкес, күдікті — коммерциялық ұйымның бас директоры. Ол 2022–2023 жылдары Ақтөбе облысында алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен бірге жалпы құны 300 миллион теңгеден асатын мұнайды заңсыз сатқан деп күдіктелуде.

Қылмыс ашылған соң ол елден қашып, халықаралық іздеуге жарияланған. 2024 жылы күдікті Дубайда ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында.

Ведомство мәліметінше, бұл іс бойынша оның сыбайласы былтыр сотталып, бас бостандығынан айырылған. Заңға сәйкес, аталған бап бойынша кінәлі деп танылған тұлғаларға 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылған.

Материал авторы