Қандыағаш әкімі сүйіктісін ұрып-соққаны үшін айыпталып, өзін Тоқаевтың сөзімен ақтауға тырысты

09.10.2025, 11:17
4591
Қандыағаш әкімі сүйіктісін ұрып-соққаны үшін айыпталып, өзін Тоқаевтың сөзімен ақтауға тырысты әлеуметтік желіден

Әкімдік кабинетінде көңілдесін ұрған әкім ақталмақ болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе облысында Қандыағаш қаласының әкімі Қазбек Аққайыр әйел адамды ұрып-соққаны үшін кінәлі деп танылды. Сот шенеунікке 314 560 теңге көлемінде айыппұл салды.

Тергеу барысында үйленген әкімнің жұмыс орнында көңілдесімен жанжал кезінде әйелге қол көтергені анықталды. Оқиға Жаңа жыл қарсаңында, әкімнің кабинетінде болған. Ерлі-зайыптылықтан тыс қатынаста жүрген қос тараптың арасында сөзге келіспеушілік туып, Аққайыр әйелдің мойнынан ұстап, бірнеше рет ұрған.

Сотта әкім кінәсін мойындамады, алайда өзінің «қателік жасағанын» айтып, отбасы алдында жауап беріп жатқанын жеткізді.

Тіпті ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың әйелдердің қоғамдағы мінез-құлқы туралы сөзіне сүйеніп, өз әрекетін ақтауға тырысқан:

«Президент айтқан, айқайлап, тәртіп бұзатын әйелдер бар деп. Ондай әйелдер бізде де бар — Қандыағашта», – деген ол.

Сот Аққайырды «денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» бабымен кінәлі деп танып, айыппұлмен шектелді. Сонымен қатар, ол зардап шеккен әйелге 100 мың теңге моральдық өтемақы және 100 мың теңге адвокат шығынын өтеуге міндеттелді.

Қазіргі уақытта Қазбек Аққайырдың қызметінен кетуі немесе тәртіптік жазаға тартылуы туралы ақпарат жарияланбаған.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)