Павлодар облысындағы өрттен алты адам қаза тапты

09.10.2025, 12:21
4457
Павлодар облысындағы өрттен алты адам қаза тапты Pixabay

30 құтқарушы күш біріктіргенмен, бір үйдің алты адамы қайтыс болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодар облысына қарасты Солнечный ауылында болған өрт алты адамның өмірін қиды.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт фермерлік қожалықтағы тұрғын үйден шыққан. Оқиға орнына шамамен 30 құтқарушы мен 10 техника жұмылдырылған.

Үй толықтай өртеніп, шатырдың бір бөлігі құлап түскен. От шаруашылық нысандарына да тараған. Жалпы өрт аумағы 920 шаршы метрге жуық болған.

Өрт кезінде үйде жеті адам болған. 1972 жылы туған ер адам өз күшімен сыртқа шығып үлгерген, қазір ол ауруханада ем алып жатыр. Алты адамның мәйіті өрт орнынан табылды, олардың кім екені анықталып жатыр.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, өрттің шығу себебі мен нақты жағдайы анықталуда.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды