Астана маңында сиыр мен екі бие ұрлап сойған үш жігіт ұсталды

09.10.2025, 16:56
2638
Астана маңында сиыр мен екі бие ұрлап сойған үш жігіт ұсталды бейнежазбадан

Арнайы жасақ қылмыскерлерді ұстап алды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астана іргесіндегі ауылдарда мал ұрлап, етін сатып келген үш жігіт арнайы жасақтың қатысуымен ұсталды.

Полицияның мәліметінше, күдіктілер — Ақмола облысының тұрғындары. Олар түнде өздері тұратын ауылдағы бір азаматтың қорасына кіріп, екі бие мен бір сиырды айдап әкеткен.

«Іздерін жасыру үшін малды орманға апарып сойған, етін көліктеріне тиеп, жартысын үйлеріне жасырған, қалғанын сатқан. Жедел іздестіру барысында тәртіп сақшылары орманнан малдың бас-терісін, ал трассаға апаратын іздерді анықтады. Сондай-ақ, бейнебақылау камералары күдіктілердің қозғалысын тіркеп, олардың жеке басын анықтауға мүмкіндік берді», – деді полиция өкілдері.

Тінту кезінде тәртіп сақшылары арқан, жүген және пышақтарды тәркіледі.

Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу кезінде олардың бұған дейін де ұқсас қылмыстар жасағаны белгілі болды.

«Көпшілік күткен жаңалық»: Айгүл Иманбаеваның отбасында тағы бір сәби дүниеге келді Атыраудағы «жалған стоматология» ісіне күдікті видео жариялап, өзін жала жабылды деп мәлімдеді Қазақ физика пәні мұғалімінің өнертабысы қазнетті тәнті етті Астана маңында сиыр мен екі бие ұрлап сойған үш жігіт ұсталды Сот Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенованың аппеляциялық шағымын қанағаттандырмады Өзбекстанда жасанды интеллект үшін 2000 астам шенеунік жұмыстан босатылмақ «500-600 мың теңге»: Еңбек вице-министрі отбасының айына қанша жұмсайтынын ашық айтты Талдықорғанда туған қызын зорлаған ер адам енді өмір бойы түрмеде отырады Украинаға қарсы соғысқан қазақстандық 5 жылға сотталды Мақпал Жүнісова Қайрат Нұртастың әкесіне кешірім сұрады Қарағандыда мектеп маңынан әйелдің мәйіті табылды Мексикада Димаш Құдайбергеннің концертіне билеттер небәрі 8 минутта сатылып кетті Павлодар облысындағы өрттен алты адам қаза тапты Қатарда жұмыс істейтін қазақстандықтарға тегін үй беріледі Қандыағаш әкімі сүйіктісін ұрып-соққаны үшін айыпталып, өзін Тоқаевтың сөзімен ақтауға тырысты Шерзат Полат ісі: Куәгер қыздар жазаланатын болды ма? Әлемде алғаш рет шошқаның бауыры салынған адам 171 күн өмір сүрді 11 мың қазақстандық Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеп жүр Қазақстанның бірнеше өңірінде үсік пен шаңды дауыл күтіледі «Әркімге мазақ болғанша, сотталғаным артық»: Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі мәлімдеме жасады