SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе облысындағы Жанақоныс ауылында ер адамның мәйіті табылды.
Әлеуметтік желіде полицейлердің оқиға орнындағы жұмысы түсірілген видео тарады. Полиция күдіктіні анықтап, қамауға алғанын мәлімдеді.
«Жанақоныс ауылында зорлық белгілері бар ер адамның мәйіті табылды. Күдікті ұсталып, тергеу изоляторына қамалды», — деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полицияның ресми өкілі Ерболат Сәркұловтың айтуынша, оқиғаның нақты мән-жайы мен себебі тергеу барысында анықталады. Қылмыстық іс бойынша өзге мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.
RUS