SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбеде жасөспірімдер құрамасының 15 жастағы ойыншысы Арон Муса көз жұмды. Қайғылы хабарды футбол клубының өкілдері Instagram парақшасында растады.
«Бақұл бол, Арон! Оның отбасы үлкен қасіретке тап болды. Аронмен бірге әжесі мен немере інісі де қайтыс болды. Мұсаның туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Aro #15 — мәңгі есімізде», — делінген клубтың жазбасында.
Арон Мұса QJ жасөспірімдер лигасында «Ақтөбе» сапында өнер көрсеткен. Клуб басшылығы, бапкерлер мен ойыншылар оның отбасына терең қайғырып, көңіл білдірді.
Алдын ала мәліметке қарағанда, отбасы мүшелері көмірқышқыл газынан (улы газ) уланған болуы мүмкін.
Ақтөбе облыстық ТЖД «Диапазон» басылымына хабарлағандай, 12 қазанда Кутуев көшесіндегі үйден үш адамның мәйіті табылған. Өрт болмаған. Қазір полиция тергеу жүргізіп жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның нақты себебі анықталуда.
RUS