381

Алматыда 18 жастағы жігітті топ болып сабағандар ұсталды (ВИДЕО)

Ұлымды мас адамдар жабылып ұрды дейді әйел.

Алматыда 18 жастағы жігітті топ болып сабағандар ұсталды (ВИДЕО)
instagram.com/marzhanbotbaeva

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы тұрғыны 18 жастағы ұлының соққыға жығылғанын айтып, полицияға шағымданды.

Әйелдің айтуынша, оқиға 11 қазаннан 12 қазанға қараған түні Төле би көшесіндегі «Шашлыкоff» кафесінің алдында болған.

«Ұлымды мас адамдардың тобы ұрып-соққан. Алғашқы соққыдан кейін ол есінен танып қалған, бірақ олар соққыны жалғастыра берген. Олардың саны 15–20 шамасында. Ал қазір ұсталғаны — бар болғаны үшеу», — дейді жәбірленушінің анасы.

Қалалық полиция департаменті Алмалы аудандық полиция басқармасы бұл дерек бойынша қасақана денсаулыққа зиян келтіру бабымен қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады.

«Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде оқиғаға қатысы бар барлық адам анықталып, ұсталды. Қазір олардың әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға беру үшін тергеу жүргізілуде», — делінген полиция хабарламасында.

Ведомство өкілдері істің Алматы қалалық ПД басшылығының ерекше бақылауында екенін атап өтті.

Материал авторы