SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Стамбулдан келген жолаушылар елорда әуежайында багаждарын алу үшін бір сағаттан астам уақыт сарылып күтті.
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазба авторының айтуынша, рейс 07:25-те қонғанымен, жолаушылар өз жүгін тек бір сағаттан кейін ғана ала бастаған.
«Әуежай қызметкерлерінің бірі де көрінбеді, жауапты адам табылмады. Багаж әуелі бір лентада, кейін екіншісінде, одан соң үшіншісінде берілді. Адамдар не болып жатқанын түсінбей, шетелдіктер абдырап, өз жүктерін қай жерден іздеу керегін сұрап жүрді, өйткені таблода Алматы рейсі көрсетіліп тұрды», — деп жазды жолаушы.
Пікір қалдырғандар мұндай жағдайдың себебі әуежайдағы жөндеу жұмыстарына байланысты болуы мүмкін екенін айтады:
«Қазір әуежайда жөндеу жүріп жатыр. Тіпті ұшаққа отыру кезінде де ұзын-сонар кезек. Аздап сабыр керек».
Кейбіреулер мұндай жағдайдың өздерімен де болғанын еске алған:
«Қытайдан 17:00-де ұшып келдік, багажды 20:00-де ғана алдық (Алматыда)».
«Вьетнамнан түнде келдік, 1,5 сағат күттік».
«9 қазанда Шарм-эль-Шейхтен ұшып келдім — тағы да бір сағат күттік».
Редакция сұрауына жауап берген Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі жағдайға түсініктеме берді:
«TK356 Стамбул – Астана рейсі 07:05-те, кестеден ертерек қонды. Ұшақтан шамамен 300 жүк бірлігі түсірілді. Багажды беру 08:00-де басталып, 08:45-те толық аяқталды», — делінген хабарламада.
Мекеме өкілдері қысқа уақыттық кідіріс багаж лентасындағы рюкзак тұтқасының кептеліп қалуынабайланысты болғанын мәлімдеді. Қате жойылған соң, жүйе қалыпты жұмыс режиміне оралған.
Әуежай әкімшілігі жолаушылардан қолайсыздық үшін кешірім сұрап, мұндай жағдай қайталанбауы үшін шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.
RUS