«Ұйықтап жатыр, әлі тірі сияқты»: Атырауда жоғалып, мәйіті табылған қыздың өліміне қатысты сұмдық деректер жарияланды
Айыпталушылар өзара бәрін тазалап шық, із қалуы мүмкін деп сөйлескен.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырауда 23 жастағы Яна Легкодимованың өліміне қатысты іс бойынша айыпталушылар Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Катимовтың хат алмасуынан жаңа үзінділер пайда болды. Бұл хабарламаларды прокурор сотта дауыстап оқыған болатын, алайда олардың толық нұсқасы желіде бөліп-бөліп жарияланып жатыр, сондықтан оқиғалардың реті бұзылған.
Жаңа жазбаларда ер адамдар қылмыстың өзіне ғана емес, одан кейінгі әрекеттерге де тоқталған. Хабарламалардың мазмұны тіпті бұрынғысынан да қатігез және цинизмге толы:
«Ұйықтап жатыр — әлі жылы, тірі сияқты».
«Ол мәйітті тиіспе. Көрерміз».
«Ашуңды бас, бәрін тазалап шық, із қалуы мүмкін».
«Олар итпен келе ме?»
Бірақ ең көп талқыланған, адамдардың төбе шашын тік тұрғызған жол —
«Біз одан да сорақы істер жасағанбыз».
Бұл сөйлем қылмыскерлердің бұған дейін де басқа ауыр әрекеттер жасаған болуы мүмкін екенін аңғартады.
Тағы бір үзіндіде олар жазадан қалай құтылу жайын талқылайды:
«Прокурорға пара берсең болады. Бәрі парақор ғой».
«Қымбатқа түседі, бірақ көрерміз».
Хаттардың фрагменттерін «НеМолчиKZ» ұйымы жариялаған. Ондағы мәтіндерден айыпталушылардың ешқандай өкініш не қорқыныш сезінбегені байқалады. Керісінше, олардың сөздерінен бұл қылмыс — жалғыз оқиға емес екені сезіледі.
Сот процесі әлі жалғасып жатыр.
Материал авторы