«Қара пакетке орап, қоқысқа тастаған»: Шымкентте 26 жастағы әйелді өлтірген оқушының ісі сотта қаралып жатыр

14.10.2025, 10:48
883
«Қара пакетке орап, қоқысқа тастаған»: Шымкентте 26 жастағы әйелді өлтірген оқушының ісі сотта қаралып жатыр туыстары ұсынған сурет

11 сынып оқитын бозбала пәтер жинаумен айналысатын әйелді тауып, оны өлтіріп, артынша оны зорлаған көрінеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкентте 26 жастағы Диана Оңғарбаеваның өліміне қатысты сот процесі басталды. Әйелдің зорлық белгілері бар мәйіті тамыз айында қоқыс арасынан табылған еді. Бұл қылмысқа Түркістан облысының 11-сынып оқушысы айыпталып отыр.

Тергеу деректеріне сүйенсек, жазғы демалыс кезінде жасөспірім Шымкентке келіп, үй жөндеу жұмыстарында істеген. Бір күні үйде жалғыз қалған кезде ол қылмыс жасауға бел буған.

Әлеуметтік желі арқылы ол пәтер жинаумен айналысатын әйелді тапқан. Сол әйел — Диана болған.

Жұмыс біткен соң Диана уәде етілген 15 мың теңгені сұраған сәтте жасөспірім оған пышақпен шабуыл жасаған. Ол әйелге 26 рет соққы жасап, содан кейін мәйітке қорлық көрсеткен. Кейін қылмыс ізін жасыру үшін денесін қара полиэтиленге орап, құрылыс арбасымен қоқыс контейнеріне апарып тастаған.

Прокурор Нұржігіт Ерментай сотта айыптау актісін оқып берді:

«Кәмелетке толмаған айыпталушы қасақана қаза тапқан әйелдің денесін қорлап, телефонын ұрлап, қылмысты жасыруға әрекеттенген».

Диананың денесін қоқыс жинап жүрген жұмысшылар тапқан. Марқұмның анасы Қарлығаш Оңғарбаеваның айтуынша, қызы он күн бойы із-түссіз болған.

«Біз оны барлық жерде іздедік. Полицияға бірнеше рет бардық, бірақ нәтиже болмады. 28 тамызда арыз жазып, 29-ы күні Астанаға дейін хабарластым. Сол кезде ғана қызымның телефонын, артынша денесін тапты. Егер олар дереу іздегенде, бұлай болмас еді», — дейді жылап.

Қазіргі уақытта сот жалғасуда. 16 жастағы айыпталушыны ауыр жаза күтіп тұр.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді