Ғылым саласында маман жетіспейді және жалақы да төмен: мәселе Сенатта талқыланды

05.04.2023, 17:53
426
Ғылым саласында маман жетіспейді және жалақы да төмен: мәселе Сенатта талқыланды senate.parlam.kz

Ғылым саласында маман жетіспейді және жалақы да төмен. Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары Ғылым және жоғары білім министрлігі басшылығымен, сондай-ақ ғалымдар және сарапшылармен ғылымды қолдау шараларын талқылады.

Бұл туралы smartnews.kz сайты Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу ғылым саласының жай-күйі, проблемалары, келешегі және құқықтық реттеу мәселелеріне арналды.

«Бүгінгі шарамыздың негізгі мақсаты – еліміз Президентінің өткен жылғы қыркүйектегі Жолдауында берілген тапсырмалардың іске асу барысы туралы ақпаратты және VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзіндегі қойылған тапсырмаларды орындау жөніндегі жоспарларды тыңдау. Сонымен қатар, ғылымды басқару жүйесін жаңғырту, ғылыми әлеуеттің сапасын арттыру, ғылымның нәтижесін экономикаға енгізуге қатысты мәселелерді пысықтау да күн тәртібінде тұр», - деді Нұртөре Жүсіп.

Сенаторлар мен ғалымдар ғылыми мамандардың жетіспейтіні және жалақысының төмендігі туралы мәселелерді көтерді. Сондай-ақ, Қазақстанның жаһандық инновациялық рейтингіде артта қалуы мен еліміздегі инновациялық өндіріс үлесінің төмендігі де аталып өтті.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараты бойынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ғылыми және сараптамалық қоғамдастықтың атсалысуымен ұлттық деңгейдегі қолданбалы мәселелерді шешуге ғылымды тарту үшін ғылымды дамытудың 2025-2026 жылдарға арналған бағдарламалық құжаттары әзірленген. Бұл құжаттар саланың кадрлық әлеуетін нығайтуға, ғылыми қызметкерлер санын 1,5 есеге көбейтуге, ғылыми экожүйенің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының даму басымдықтарына сәйкес салалардың негізгі ғылыми-техникалық міндеттерді қалыптастыру тетіктерін енгізуге бағытталған.

Сенаторлар осы шараға дайындық аясында бірқатар көшпелі кездесу өткізді және онда барлық мүдделі тараптарды тыңдай отырып, жергілікті жерлердегі өзекті мәселелерді егжей-тегжейлі зерделеді. Ғылым қорындағы кездесу барысында ғылым саласын дамытуға заң шығару ісінде қолдау көрсетуге, нығайтуға үлес қосуға, оның ішінде салалық министрлікпен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға сенаторлардың дайын екендігі айтылды.

Қатысушылар кездесу нәтижесі бойынша осы бағыттағы бірлескен жұмыс жалғасатынын атап өтті.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)