Шерхан Қалмырза қажылыққа баратын болды
«Қайраттың» жас қақпашысына қажылыққа жолдама сыйлады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қайрат» футбол клубының 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға бір азамат Умра қажылығына жолдама табыс етті. Бұл сәттің видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен тарады.
Белгілі болғандай, жас спортшы мен анасы Алматы қаласындағы бір тойға қонақ ретінде қатысқан. Сол кеште ұйымдастырушылар Шерханға қасиетті Меккеге баруға арналған арнайы сертификат табыс еткен.
Айта кетсек, бұған дейін Қалмұрза жеке кәсіпкер Ұлықбек Шариповтен заманауи Exeed маркалы автокөлікалған болатын. Сондай-ақ Ғылым және жоғары білім министрлігі оған білім грантын тағайындаған еді.
Еске сала кетейік, ішкі чемпионат кезінде негізгі қақпашы Темірлан Анарбеков жарақат алған соң, алаңға Шерхан шыққан. Ол Чемпиондар лигасында «Спортинг» пен «Реалға» қарсы ойында қақпаны қорғап, жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленген еді.
Материал авторы