20 қазандағы ауа райы: тұман түсіп, үсік жүреді
Қазгидромет бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның бірнеше облысында 20 қазаннан бастап қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды.
Жетісу облысында 20–21 қазанда оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с дейін жетеді.
Маңғыстау облысында және Ақтауда жоғары өрт қаупі сақталып, күндіз жел күшейеді.
Жамбыл облысында түнде және таңертең таулы аудандарда тұман түседі, желдің екпіні 20 м/с дейін барады.
Ұлытау мен Атырау облыстарында төтенше және жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола мен Батыс Қазақстан облыстарында таңертең тұман күтіледі, кей жерде жел күшейеді.
Қызылорда облысының солтүстігінде 3 градусқа дейін үсік жүреді.
Абай мен Түркістан облыстарында 20–22 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады, Түркістан мен Шымкент қалаларында да жағдай осындай.
Қостанай мен Ақтөбе облыстарында тұман түсіп, жел 15–20 м/с дейін күшеюі мүмкін.
Алматы облысында 24 қазанға дейін өрт қаупі жоғары болып қала береді.
Материал авторы