Шымкенттегі инфекциялық ауруханада науқастар еденде жатуға мәжбүр болған

20.10.2025, 09:33
412
Шымкенттегі инфекциялық ауруханада науқастар еденде жатуға мәжбүр болған

Билік өкілдері жаппай науқастар түскен кезде дәлізге уақытша орналастыру санитарлық нормаларды бұзбайтынын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желілерде Шымкенттің инфекциялық ауруханасынан түсірілген видео тарап, жұрттың ашуын туғызды. Кадрларда дәліз еденінде әйелдер мен балалардың жатқаны байқалады.

Видео авторы: «Миллион тұрғыны бар қалада науқастарға жағдай жасайтын жаңа инфекциялық аурухана салуға болмай ма?» деп сұрақ қояды.

Шымкент әкімдігі бұл жағдайды ауруханада жүріп жатқан жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша қиындықтармен түсіндірді. Ведомствоның мәліметінше, нысандағы 10 бөлімшенің сегізі тәулік бойы жұмыс істеп тұр және қауіпті инфекция жұқтырған науқастарға көмек көрсетіп жатыр.

«Әлеуметтік желілерде видео тараған соң, жағдайды реттеу бойынша жедел шаралар қабылданды. Қазір барлық науқастар палаталарға орналастырылды», — деп хабарлады әкімдік.

Бұған қоса, билік өкілдері жаппай науқастар түскен кезде дәлізде уақытша орналастыру санитарлық нормаларды бұзбайтынын айтты.

Аурухана әкімшілігі де эпидемиологиялық ахуалдың бақылауда екенін, ал медицина қызметкерлерінің әрекеті Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен талаптарға сай жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді