Лувр тоналды: Макрон ұрланған жәдігерлерді табуға уәде берді

20.10.2025, 12:49
601
Лувр тоналды: Макрон ұрланған жәдігерлерді табуға уәде берді Gonzalo Fuentes/REUTERS

Тонау небәрі жеті минутта болған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Францияның әйгілі Лувр мұражайында ұрылар небәрі жеті минуттың ішінде француз тәжінің тоғыз зергерлік бұйымын қолды етті. Оқиға кеше таңертең болған.

Франция президенті Эммануэль Макрон бұл оқиғаны «елдің тарихы мен мұрасына жасалған соққы» деп атап, ұрланған реликвиялар міндетті түрде қайтарылып, кінәлілер жазаланатынын айтты.

Париж прокуратурасының мәліметінше, төрт адамнан тұратын топ таңғы сағат 9:30 шамасында Галерея Апполон залына кіріп, онда сақталған бағалы әшекейлерді алып кеткен. Ұрылар автокөтергіш арқылы терезеден өтіп, әйнекті сындырып кірген. Болгаркамен қорғаныш қораптарын бұзып, аса құнды тоғыз бұйымды алып шыққан.

Олар оқиға орнынан скутермен қашып кеткен. Кейінірек Лувр маңынан бір зат — Наполеон III-нің жары императрица Евгенияның тәжінің бүлінген бөлігі табылған.

Ұрланған бұйымдардың қатарында королева Мария-Амелия мен королева Гортензияға тиесілі сапфирлі алқа, сондай-ақ 2 000-ға жуық бриллианты бар императрица Евгенияның тәжi, екі брош және сәндік белбеу бар.

Қазір тергеу жүріп жатыр. Іске Францияның Ішкі істер министрі Лоран Нуньес тікелей бақылау жасауда. Оның айтуынша, бұл — кәсіби деңгейде ұйымдастырылған қылмыс, ал күдіктілердің шетелдік болуы да мүмкін.

Париж прокуроры Лор Бекко ұрлықты «жақсы ұйымдастырылған қылмыстық топ» жасағанын мәлімдеді. Тергеуге Израильдің CGI Group қауіпсіздік компаниясы да тартылды — дәл осы компания 2019 жылы Дрезден мұражайындағы 100 миллион еуро тұратын ұрлық ісін ашуға көмектескен.

Бұрынғы Франция президенті Франсуа Олланд мұны «француз мәдениетіне жасалған ауыр соққы» деп атады және соңғы апталарда елдегі музейлерге бағытталған қылмыстардың жиілегенін айтты. Ол тіпті «елді тұрақсыздандыруға бағытталған шетелдік әрекет» болуы мүмкін деген пікір білдірді.

Мәдениет қызметкерлерінің кәсіподағы да қауіпсіздік жүйесіндегі олқылықтарға назар аударды:

«Қызметкерлер талай рет ескерткен, бірақ билік тыңдамады», — делінген олардың мәлімдемесінде.

Ал саясаткерлер арасында да сын көбейді. Оңшыл партиялардың өкілдері үкіметті «салғырттық танытты» деп айыптап, мұражайлар мен тарихи нысандардың қауіпсіздігін күшейтуді талап етті.

Қазір Лувр уақытша жабық, ал француз мәдениетінің ең атақты жәдігерлерін іздеу жалғасып жатыр.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды