21 қазандағы ауа райы: қатты жел соғып, үсік жүреді
Қазгидромет бірнеше өңірге дауылды ескерту жариялады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 21 қазанда, Қазақстанның бірнеше облысында жел күшейіп, тұман түсіп, үсік жүреді. Кей өңірлерде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 20 м/с дейін жетеді, облыс аумағында төтенше өрт қаупі бар.
Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, батысында екпіні 20 м/с дейін күшейеді.
Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе және Түркістан облыстарында жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысында жел 15–18 м/с дейін күшейеді.
Абай, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Солтүстік және Батыс
Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Жетісу облысының кей бөліктерінде 1–3 градус үсік жүреді.
Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының батысында кей уақытта жаңбыр жаууы мүмкін.
Материал авторы