SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Turkish Airlines әуе компаниясының Барселона – Стамбул бағытымен ұшқан екі қазақстандық бортта ұрлыққа тап болды.
Олардың айтуынша, қол жүгінен қымбат сөмке жоғалып кеткен. Оның ішінде паспорттар, отырғызу талондары, банк карталары мен жеке заттар болған.
Кейін бортсерік жоғалған заттардың бір бөлігін — құжаттар мен ақшаны — ұшақтағы әжетханадан тауып алған. Бірақ сөмкенің өзі табылмаған.
Экипаж жолаушыларға Стамбулға қонған соң полиция шақырып, арыз жазуды ұсынған. Алайда жәбірленушілер бұл ұсыныстан бас тартқан, себебі тексеру үшін рейстегі барлық жолаушылардың қатысуы қажет болған.
Нәтижесінде олар сапарын жалғастырған, бірақ сөмкесі табылған жоқ. Ал құжаттары мен ақшасы өздеріне қайтарылған.
RUS