Елімізде мәслихаттардың өкілеттігі кеңейтілмек – заң жобасы

06.04.2023, 19:53
642
Елімізде мәслихаттардың өкілеттігі кеңейтілмек – заң жобасы smartnews.kz

Барлық деңгейдегі мәслихаттардың мәртебесін көтеру ескеріліп отыр. Бұл туралы Мәжілісте «Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заң жобасын таныстыру кезінде Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков айтты, деп хабарлайды smartnews.kz  сайты.

«Барлық деңгейдегі мәслихаттардың мәртебесін көтеру мақсатында қосымша өкілеттіктер берілетін болады. Бұл тұрғыда әкімдердің халықпен кездесулерінде көтерілген проблемаларды әкімдіктердің шешуі барысына мониторинг жүргізу, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарға ақшалай сыйақы мөлшерін айқындау, депутаттардың әкімдіктің бюджеттік комиссияларының жұмысына қатысуы, сондай-ақ қажет болған жағдайда бюджетті нақтылауға бастама жасау құқығын беру ескерілген», - деді Б. Омарбеков.

Оның айтуынша, мәслихат төрағасының және мәслихат аппараты басшысының әкімшілік әрі ұйымдастыру мәселелері бойынша өкілеттіктері де қайта қаралды.

Бұдан бөлек, тексеру комиссияларының қызметін күшейту ескерілген. Осы орайда, Жоғары аудиторлық палатаны қаржыландыру тәртібіне ұқсас тексеру комиссиясын қаржыландырудың жеке тәртібі қолданылмақ.

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды