544

Сақ болыңыздар! Алаяқтар декларация тапсыруды талап етіп, жаппай хабарлама жіберіп жатыр

Алаяқтар халықты алдаудың жаңа тәсілін ойлап тапқан.

Сақ болыңыздар! Алаяқтар декларация тапсыруды талап етіп, жаппай хабарлама жіберіп жатыр
SMARTNEWS.KZ коллажы

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда «мерзімі өткен декларация» деген атаумен телефон арқылы жасалатын жаңа алаяқтық түрі пайда болды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алаяқтар өздерін мемлекеттік орган қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтарға салық декларациясын тапсыру мерзімі өтіп кетті деп хабарлайды. Олар банктік шоттарды бұғаттаймыз деп қорқытып, мәселені үш күн ішінде «реттеуді» талап етеді.

Содан кейін жәбірленушіден SMS арқылы келген кодты айтуын сұрайды, онысы – «тұлғаны растау» үшін деген желеумен. Бірақ азамат кодты айтқан сәтте қаскөйлер оның онлайн-банкингіне кіріп, шоттағы қаражатты ұрлап алады.

Полиция мынадай ескерту жасады:

Мемлекеттік органдар ешқашан азаматтардан SMS-код немесе банк деректерін сұрамайды;

Үшінші тұлғаларға құпия кодтар мен картаның нөмірін беруге болмайды;

Күдікті қоңырау түскен жағдайда әңгіме желісін бірден тоқтатып, 102 нөміріне хабарласу қажет.

Құқық қорғаушылар азаматтарды сақ болуға және жақындарын да жаңа алаяқтық тәсіл туралы ескертуге шақырады.

Материал авторы