Ресейлік әнші Қазақстандағы концертте «көк-сары пакет» туралы сөзімен дау тудырды (ВИДЕО)

Азиз Қалижан Редактор
25.10.2025, 13:31
2085
Ресейлік әнші Қазақстандағы концертте «көк-сары пакет» туралы сөзімен дау тудырды (ВИДЕО) starhit.ru

Көк-сары пакетті өртеп жіберіңдер деген сөзі көпшіліктің ашуына тиген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желілерде Ресей әншісі Акмальдың (Akmal’) Петропавлда өткен концерті кезінде айтқан сөзі қызу талқыланып жатыр. Әнші көрермен ұсынған сыйлыққа қатысты пікір білдіріп, көпшіліктің ашуына тиді.

Бейнежазбада өнерпазға бір көрермен ішімдік салынған көк-сары түсті пакет бергені көрінеді. Сахнада Акмаль сол сәтте:

«Мына пакетті өртеп жіберіңдер, түсі ұнамай тұр», — дейді.

Желі қолданушылары пакеттің түсі Қазақстан туының реңктерімен сәйкес екенін байқаған. Осыдан кейін видеоны талқылаушылардың көбі әншінің сөзін ұлттық рәміздерге құрметсіздік деп қабылдап, наразылық білдірді.

Пікірлер бөлімінде ашулы жазбалар көбейді:

«Яғни оған біздің туымыздың түсі ұнамай ма? Онда неге Қазақстанға келіп концерт қойып жүр?», «Мұндай әдепсіз сөз айтқан адамды елімізге кіргізбеу керек!», «Бұл — сахнадағы қорлау, өнер емес!»

Сонымен қатар, желіде әншіні ақтап алғандар да табылды. Олар Акмальдың сөзі саясатқа немесе ел рәміздеріне қатысы жоқ, жай ғана әзіл деп түсіндіріп жатыр:

«Пакеттің түсі ашық болғаны ғана, саясат іздеп қажеті жоқ», «Ол Ресей азаматы, өз елін қолдайтыны заңды. Бұдан жау іздеу орынсыз».

Акмаль Абдулхалитович Ходжаниязов — Ресейлік музыкант, ұйғыр ұлтынан, Түрікменстанда туған. Ол «Из-за тебя», «Вдоль дорог» және «По полюшку» әндерімен танымал.

Қазір әнші Қазақстан бойынша гастрольдік сапарда жүр. Қазан айында оның Қостанай, Өскемен және Павлодарда концерттері жоспарланған.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды