Макронның әйелін «еркек» дегендердің соты басталды

30.10.2025, 10:33
564
Макронның әйелін «еркек» дегендердің соты басталды АР

Францияда Брижит Макронға жала жапқан блогерлер сот алдында жауап бермек.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Францияның Париж қаласында президент Эммануэль Макронның жұбайы Брижит Макронға қатысты кибербуллинг ісі бойынша сот тыңдаулары өтті.

Істе он адам — сегіз ер мен екі әйел айыпталушы ретінде жауапқа тартылды. Оларға бірінші ханым туралы жалған және қорлайтын ақпарат таратты деген айып тағылған.

Тергеу мәліметінше, айыпталушылар әлеуметтік желілерде Брижит Макрон туралы «ол ер адам болып туған», «өзінің ағасы Жан-Мишель Тронье» деген фейктер мен өсек-аяңды бірнеше жыл бойы таратып келген. Бұл жалған мәліметтер алғаш рет 2017 жылы пайда болған.

Күдіктілер өз жазбаларын «әзіл» немесе «сатира» ретінде бағалап, олардың шағын аккаунттары президент жұбайының беделіне «еш әсер ете алмайды» деп мәлімдеген.

Брижит Макронның адвокаттары кибершабуылдардың оның денсаулығы мен отбасылық өміріне нақты зиян тигізгенін айтты. Ал бірінші ханымның қызы, адвокат Тифен Озье сотта сөз сөйлеп, анасын әлеуметтік желілердегі үздіксіз шабуылдар «психологиялық тұрғыдан қажытқанын» жеткізді.

Прокуратура тоғыз айыпталушыға үштен он екі айға дейін шартты жаза және 8 мың еуроға дейін айыппұл тағайындауды сұрады. Ең қатаң жаза Орельен Пуарсон-Атлан есімді қолданушыға (псевдонимі — Зои Саган) ұсынылды, оны фейк-науқан ұйымдастырушыларының бірі деп есептейді.

Брижит Макронның қорғаушылары: «Сөз бостандығы — қорлау еркіндігі емес. Әзіл ешқашан травляны ақтай алмайды», — деп мәлімдеді.

Соттың қорытынды үкімі 2026 жылғы 5 қаңтарда шығарылады.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді