Павлодарда екі баласын терезеден лақтырған әйелдің ісі сотқа жіберілді
Әйелдің әрекетінен бір баласы көз жұмып, екіншісі ауыр жарақат алған болатын
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодарда жазда екі баласын терезеден лақтырып, артынан өзі секірген әйелдің ісі сотқа түсті.
Қылмыстық іс Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралады. Сот процесі мемлекеттік тілде және жабық режимде өтетіні белгілі болды.
Еске салайық, қайғылы оқиға 30 шілдеде Павлодардағы көпқабатты тұрғын үйде болған. Әйел екі ұлын — жеті жастағы және бір жарым жастағы балаларын — терезеден лақтырып, артынша өзі де секіріп кеткен. Үшеуі де үйдің кіреберісіндегі шатырдың үстіне құлаған.
Балалар мен анасы ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Бір жасар сәби бірнеше күннен кейін қайтыс болды. Ал 2017 жылы туған үлкен бала 13 тамызда оң динамикамен ауруханадан шығарылған. Дәрігерлер оның өміріне қауіп жоқ екенін, бірақ бір ай бойы қатаң төсек режимін сақтау қажет екенін айтқан.
Қазан айының ортасында полиция әйелге қатысты сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысына сүйене отырып, оны Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығына мәжбүрлі түрде емдеуге жіберу туралы шешім қабылдағанын хабарлаған еді.
Материал авторы