Атырау облысында әйел зейнеткердің бетіне уксус шашып, үйін тонап кетті
Полиция күдікті әйелді бірнеше сағат ішінде ұстап қамады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облысының Қосшағыл ауылында 55 жастағы әйел сірке суын қолданып, зейнеткердің үйін тонап кетті.
Белгілі болғандай, күдікті 62 жастағы тұрғынның үйіне кіріп, бетіне сірке суын шашқан. Үй иесі есін жиғанша, әйел барлық әшекей бұйымдарын жинап, оқиға орнынан қашып кеткен.
Полицейлер қылмыскерді бірнеше сағат ішінде анықтап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазір іс ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы бойынша («Зорлық қолданып тонау») тергеліп жатыр.
Зардап шеккен әйел дәрігерлердің көмегін алып, қазіргі таңда үйінде.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші