901

12 жастағы қызды зорлады деген күдікпен 17 жастағы жігіт ұсталды

Кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен жасөспірім қамауға алынды.

12 жастағы қызды зорлады деген күдікпен 17 жастағы жігіт ұсталды
unccd.int

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысында 12 жастағы қыз баланы зорлады деген күдікпен 17 жастағы жасөспірім ұсталып, қамауға алынды. Бұл ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Ведомствоның хабарлауынша, күдікті – кәмелетке толмаған тұлға. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, сот санкциясымен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.

«Қылмыстық іс бойынша барлық мән-жай толық әрі объективті түрде анықталып жатыр. Тергеу әрекеттері жалғасуда», – деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.

Сонымен қатар кәмелетке толмаған күдіктінің заңды өкілдері өз тәрбиелік міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны хабарланды.

Полиция істің тергелуі облыстық департамент басшылығының ерекше бақылауында екенін атап өтті.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор