Қазақстанның сыртқы қарызы 8 700 000 000 000 теңгеге жақындады

04.11.2025, 11:38
16291
Қазақстанның сыртқы қарызы 8 700 000 000 000 теңгеге жақындады SMARTNEWS.KZ коллажы

Еліміз кімге, қанша қарыз?

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның мемлекеттік және мемлекеттік кепілдігі бар қарызы биылғы 1 қазанға 37,9 трлн теңгеге (69,1 млрд доллар) жетті. Бұл – ел экономикасының ауыр салмағын айқындайтын негізгі көрсеткіштердің бірі.

Мемлекеттік қарыздың басым бөлігі республикалық бюджетке жүктелген. Тікелей мемлекеттік қарыз көлемі – 33,95 трлн теңге. Жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік кепілдіктер арқылы алынған қарыздар шамамен 4 трлн теңгені құрайды.

Сыртқы қарыз: халықаралық қаржы институттарына тәуелділік артып келеді

Сыртқы қарыз 8,7 трлн теңге немесе 15,9 млрд доллар көлемінде.

Негізгі кредиторлар:

• Еурооблигациялар – 4,6 трлн теңге
• Халықаралық қайта құру және даму банкі – 2 трлн теңге
• Азия даму банкі – 804 млрд теңге
• Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі – 499 млрд теңге
• Ресей қаржы нарығындағы бағалы қағаздар – 398 млрд теңге

Халықаралық міндеттемелердің басымдығы Қазақстанның сыртқы қаржы ресурстарына әлі де тәуелді екенін көрсетеді.

Ішкі қарыз: бағалы қағаздарға тірелген экономика

Ішкі мемлекеттік қарыз – 25,2 трлн теңге (шамамен 46 млрд доллар).

Бұның ішінде:

• Ұзақмерзімді қазынашылық міндеттемелер – 20,9 трлн теңге
• Орта мерзімді қағаздар – 1,9 трлн теңге
• Қысқа мерзімді қарыз – 868 млрд теңге
• TONIA индекстелген қағаздар – 803 млрд теңге
• Жинақтық міндеттемелер – 572 млрд теңге

Ұлттық экономика ішкі нарықтан қарыз тартуды жалғастыруда – бұл бюджет тапшылығы мен шығындардың жоғары деңгейін аңғартады.

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады