Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады

14.05.2026, 10:53
730
Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады әлеуметтік желіден

Ресей жағында соғысқан қазақстандық тұтқын алмасу тізіміне қоспағанына шағымданды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Украинадағы тұтқында отырған Қазақстан азаматы Николай Перевозчиков Ресей билігіне видеоүндеу жолдады. Ол өзін және Ресей жағында соғысқан Орталық Азия елдерінің азаматтарын тұтқын алмасу тізіміне қосуды сұраған.

60 жастағы Перевозчиков үндеуді әскери тұтқындар атынан жасағанын айтты. Оның сөзінше, Ресейде әскери тұтқындардың мәселесімен арнайы айналысатын жеке орган жоқ.

Перевозчиковтың мәлімдеуінше, Ресей жағында соғысқан шетел азаматтары Мәскеудің оларды тұтқын алмасуға сұратпай отырғанына назар аударған. Ол Украина тұтқынында әлемнің 48 елінен келген бірнеше жүз адам бар екенін айтқан.

«Ресей бізді айырбасқа сұратпай отыр», – деді ол видеоүндеуінде.

Видео Threads желісіндегі toktaramankz парақшасында жарияланып, әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Көптеген қолданушы Қазақстан азаматының Ресей жағында соғысқа қатысуын қатаң сынға алды.

Пікір жазғандардың бір бөлігі Перевозчиковтың соғысқа өз еркімен барғанын айтып, жауапкершілік те өзіне тиесілі екенін жазған. Сонымен қатар кейбірі Қазақстанда украиналық әскери тұтқындар болмағандықтан, елдің мұндай алмасу процестеріне қатыспайтынын еске салды.

Бұған дейін Перевозчиков «Бәсе» басылымына сұхбат берген еді. Ол Шығыс Қазақстанда туғанын, ұзақ жыл Алматыда тұрғанын, кейін 2019 жылы отбасына байланысты Ресейге көшкенін айтқан.

Оның сөзінше, 2024 жылы Ресей Қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отырған. Алайда тікелей майдан шебіне емес, тылдағы көмекші жұмыстарға қатысамын деп ойлағанын жеткізген.

Сонымен қатар ол Қазақстан азаматы ретінде де, жасы жағынан да соғысқа қатыспау керек болғанын мойындап, келісімшартқа қол қоюын «қателік» деп атаған.

Перевозчиковтың айтуынша, ол Луганск облысында тұтқынға түскен. 2024 жылдың маусымынан бері Украина батысындағы ресейлік әскери тұтқындар лагерінде отырғанын мәлімдеген.

Сұхбаттарының бірінде ол Қазақстан президентінен өзіне кешіріммен қарап, елге оралған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартпауын сұраған.

Айта кетейік, Қазақстан заңнамасына сәйкес, шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысу қылмыстық жауапкершілікке әкеледі.

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады