Ауылда мектеп жабылып, жаңасын салуды ұмытып кеткен: 123 оқушы әкімдікте сабақ оқып жүр

04.11.2025, 11:47
1337
Ауылда мектеп жабылып, жаңасын салуды ұмытып кеткен: 123 оқушы әкімдікте сабақ оқып жүр бейнежазбадан

Балалар шенеуніктермен бірге бір тар жерде сабақ оқып отыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жамбыл облысының Құшаман ауылында 123 оқушы әкімдік қызметкерлерімен бір ғимаратта оқуға мәжбүр. Себебі ауылдағы жалғыз мектеп апатты жағдайда деп танылып, биыл наурызда жабылған. «Жетінші арнаның» хабарлауынша, балабақша, кітапхана және полиция бөлімшесі де осы тар ғимаратқа тығылған.

«Мектеп апатты деп ресми шешім шыққаннан кейін бізді осында көшірді. Алты кабинет бар, екі ауысымда оқимыз», – дейді мектеп директоры Нұржан Сәденов.

Спорт залы жоқ – дене шынықтыру сабақтары далада өтеді. Ішкі санитарлық жағдай да сын көтермейді: дәретхананы ауыл тұрғындары өздері салып берген, ол да сыртта тұр.

Жергілікті билік жаңа мектеп салу жоспарда бар екенін айтады. Жобалық-сметалық құжаттама облысқа жолданыпты. Алайда құрылыс жұмыстары әлі басталмаған.

Мойынқұм аудандық білім бөлімі басшысы Мәлік Мұқашевтың сөзінше, 100 орындық жаңа мектеп 2027 жылы пайдалануға берілуі тиіс. Бірақ ауыл тұрғындары «тағы екі оқу жылын осылай өткіземіз бе?» деп алаңдаулы.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды