SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкенттің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған соты өзгенің баласына қол көтерген әйелге қатысты азаматтық істі қарады.
Сот материалдарына сәйкес, 2024 жылдың маусымында №3 шағынаудандағы аулада әйел мен жасөспірім арасында жанжал шығып, әйел балаға соққы берген. Сараптама оның денсаулығына жеңіл дәрежеде зиян келгенін анықтаған. Бұған дейін ол әкімшілік жауапқа тартылып, айыппұл төлеген.
Жәбірленуші баланың анасы моральдық зиян үшін 500 мың теңге өтеуді талап етті. Ал жауапкер талаптан толық бас тартуды сұрады.
Сот талапты ішінара қанағаттандырып, әйелден 50 мың теңге көлемінде өтемақы өндіру жөнінде қаулы шығарды.
RUS