Қазақстанда мемлекеттік жалақы бәсекеге ілесе алмай жатыр

06.11.2025, 09:23
3870
Қазақстанда мемлекеттік жалақы бәсекеге ілесе алмай жатыр Fotolia / PhotoXPress

Жастар ең төмен жалақы алатын санатта қалып отыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда биылғы орташа айлық еңбекақы 410 965 теңге болды. Алайда мемлекеттік және жекеменшік сектор арасындағы айтарлықтай алшақтық еңбек нарығындағы теңсіздікті айқын көрсетіп отыр.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, мемлекеттік қызметтегі орташа жалақы — 335 574 теңге. Ал жеке сектордағы еңбекақы — 468 130 теңге. Яғни бизнес саласында табыс шамамен 40 пайызға жоғары. Сарапшылар мұны нарық талаптарына икемделетін жекеменшік компаниялардың бәсекеге қабілетті қызметкерлерді ұстап қалу ниетімен байланыстырады.

Жас ерекшелігі де маңызды фактор. Ең жоғары табыс 35-44 жастағы мамандарға тиесілі — орта есеппен 455 мың теңге. Ал еңбек жолын енді бастаған жастар айына небәрі 280 мың теңге көлемінде жалақы алады.

Салалар бойынша да айырмашылық айқын. Қаржы, ақпараттық технологиялар және басқару бағытындағы қызметкерлер елдегі ең жоғары табысқа ие: жалақысы 1,2-1,55 миллион теңге шамасында. Керісінше, балық шаруашылығы, мектепке дейінгі тәрбие және әлеуметтік қызмет салаларында еңбекақы 158-232 мың теңгенің аралығында ғана.

Мамандардың айтуынша, интеллектуалды және технологиялық бағыттағы жұмыс күші қарқынды дамып, жоғары бағаланып келеді. Ал әлеуметтік сала әлі де экономикалық ынталандырудан сырт қалып, табыс деңгейі төмен күйінде тұр.

Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан