«Ақтөбеге кетуі мүмкін»: Құлсарылық 15 жасар қыз он күннен бері табылмай жатыр

Азиз Қалижан Редактор
06.11.2025, 15:35
4975
«Ақтөбеге кетуі мүмкін»: Құлсарылық 15 жасар қыз он күннен бері табылмай жатыр Екатерина Голотина

24 қазан күні түнде үйден шығып кеткен қыз әлі табылмай жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облысының Құлсары қаласынан жоғалып кеткен 15 жастағы Жұлдызай Мұсағалиеваны полицейлер мен еріктілер іздеп жатыр. Қыз 24 қазан күні сағат 22:00 шамасында үйінен шығып, қайтып оралмаған.

Іздестіру тобының мәліметінше, ол алдымен Кұлсарыдан Атырауға барған, кейін Ақтөбеге жол тартқан. 29 қазанда «Автовокзал» аялдамасында оны Атыраудан танысы көрген. Қыз туысқандарына келдім деп айтқанымен, Ақтөбеде оның ешқандай ағайыны жоқ екені анықталды.

Содан бері Жұлдызай туралы дерек жоқ. Іздестіру он күннен аса жалғасып келеді.

Қыз жоғалған кезде үстінде қара костюм мен қара күртеше, қара шалбар, аяғында ақ аяқкиім болған. Қолында қоңыр сөмке мен қара қаптағы телефон болғаны белгілі.

Жоғалған жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат білетіндерден 8-707-881-20-98 немесе 102 нөмірлеріне хабарласу сұралады.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды