ШҚО-да қызғаныштан әйеліне суық су құйған ер адам жазаланды

06.11.2025, 16:01
3719
ШҚО-да қызғаныштан әйеліне суық су құйған ер адам жазаланды Shutterstock

Отбасылық жанжалды күшпен «шешкен» еркектің ісі сотқа жетті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысында тұрмысқа жанаспайтын әрекет жасаған ер адам сот шешімімен жазаға тартылды.

Шемонаиха ауданында 42 жастағы тұрғын қызғанышқа булығып, азаматтық некедегі жолдасын шынтағынан ұстап, жуынатын бөлмеге апарып, үстіне мұздай су құйған. Мұнымен ол әйелін «тыныштандырмақ» болған.

Сот бұл әрекетті отбасылық зорлық деп танып, ер адамға 40 сағат қоғамдық жұмыс міндеттеді. Ол пробациялық есепке алынып, Шемонаиха ауданында көшелерді тазалау жұмыстарына кірісіп кетті.

Қадағалау қызметінің мәліметінше, енді ол екі апта бойы қоғам игілігіне жұмыс істейді. Пробация қызметі оның әр минутын бақылауда ұстайды. Егер міндеттелген жұмыстан жалтарса, жаза қамауға алмастыру арқылы күшейтілуі мүмкін.

Сотта ер адамға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, отбасылық құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары белгіленді.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды