6862

Трамп Қазақстанға келуі мүмкін екенін айтты

Трамп Қазақстанмен әріптестікті жоғары бағалап, 17 млрд долларлық келісімдердің бағытын айтты.

Трамп Қазақстанға келуі мүмкін екенін айтты
Ақорда

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Орталық Азия – АҚШ» саммитінде АҚШ Президенті Дональд Трамптан Қазақстанмен әріптестік пен мүмкін сапарға қатысты сұрақ қойылды. Бұл туралы Kazinform жазды.

Журналист Қазақстан мен АҚШ арасында жалпы құны 17 млрд доллар болатын келісімдер жасалғанын еске салып, қай бағыттың басым екенін сұрады. Сонымен бірге Трамптың Қазақстанға алғашқы ресми сапарын қашан күтетінін де сауал етті.

Трамп Қазақстанмен байланыс барлық салада маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ елге келу мүмкіндігін жоққа шығармады.

«Бұл әбден мүмкін. Барлық сала біз үшін маңызды. Бір жылдан кейін жағдай қалай өзгеретінін ешкім білмейді. Сіздердің табиғи ресурстарға бай еліңіз және парасатты Президентіңіз бар», – деді ол.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Ақ үйдегі кездесудің тарихи маңызын айтып, С5+1 форматы Орталық Азия мен АҚШ арасындағы серіктестікті жаңа деңгейге көтергенін атап өтті.

Материал авторы