Air Astana алыс бағыттар үшін 18 Dreamliner ұшағына тапсырыс берді

07.11.2025, 11:49
9240
Air Astana алыс бағыттар үшін 18 Dreamliner ұшағына тапсырыс берді thepointsguy.com

Air Astana халықаралық бәсекеде жаңа деңгейге шықпақ.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Air Astana алыс бағыттарға қызмет көрсету мүмкіндігін арттыру үшін Boeing 787-9 Dreamliner ұшақтарына ірі тапсырыс орналастырды.

Әуекомпания Boeing-пен 15 әуе кемесін жеткізу туралы келісімшартқа қол қойды. Тапсырыс бес расталған борттан, бес опционнан және бес сатып алу құқығынан тұрады. Бұл – Air Astana құрылғаннан бергі ең ауқымды сатып алу.

Жаңа келісім 2026–2027 жылдары жеткізілуі тиіс үш Dreamliner бойынша жасалған бұрынғы шартты толықтырады. Соның нәтижесінде жалпы тапсырыс көлемі 18 әуе кемесіне жетті. Олар 2032–2035 жылдар аралығында флотқа қосылады. Қозғалтқыштарымен бірге есептегенде, бұл партияның жалпы құны 7 миллиард долларды құрайды.

Компания басшылығының айтуынша, жаңа буын ұшақтары Орталық Азия мен Кавказдан Азия, Еуропа және өзге де аймақтарға бағыттарды кеңейту стратегиясының негізгі тетігі болмақ. Boeing 787-9 отын үнемдеу көрсеткішімен, ұзақ қашықтыққа қолайлы икемділігімен және жолаушыларға жайлылық деңгейін арттыруымен ерекшеленеді.

Air Astana Boeing ұшақтарын пайдалану тәжірибесіне сүйенеді. Тасымалдаушы 2002 жылы Boeing 737 ұшақтарымен Қазақстан және көрші елдер бағытында жұмысын бастады. Кейін Boeing 757 арқылы Азия мен Еуропаға алыс рейстер ашылды. Ал 2013 жылдан бері Boeing 767-300ER әуе кемелері халықараралық жүктемесі жоғары бағыттарға қызмет көрсетіп келеді.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады