Атырауда бодимассажбен айналысатын әйел сеанс кезінде ер адамды өлтірген
Массажист пен клиент арасындағы жанжал өліммен аяқталды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырауда 30 жастағы әйел адам өлтірді деген айыппен сотқа тартылды. Оқиға былтыр жазда орын алған.
Тергеу дерегінше, күдікті массаж қызметін ұсынатын пәтерде ер адамды қабылдаған. Кездесу кезінде олардың арасында жанжал туып, әйел ашу үстінде пышақ салған.
Кейін ол өз әрекетінің салдарын түсініп, дереу жедел жәрдем мен полиция шақырған. Алайда дәрігерлер келгенше ер адам алған жарақатынан көз жұмған.
Қазір айыпталушы қамауда отыр. Сот алдағы уақытта үкім шығарады.
Материал авторы
Азиз Қалижан
Редактор