2793

Каспийдің түбінде 4 балдық зілзала тіркелді

Сейсмологтар Каспийде болған жер сілкінісі туралы хабарлады.

Каспийдің түбінде 4 балдық зілзала тіркелді
Google Maps

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бүгін түнде Каспий теңізінің акваториясында жер сілкінісі болды. Бұл туралы Әзербайжан ұлттық ғылым академиясының жанындағы республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы хабарлады.

Сейсмикалық дүмпу Атырау уақытымен сағат 03:13-те тіркелген. Зілзаланың магнитудасы – 4,0 балл. Эпицентрдің шамамен орналасқан жері 40,46 градус солтүстік ендік пен 51,77 градус шығыс бойлықта. Гипоцентрдің тереңдігі – 72 шақырым.

Алдын ала деректерге қарағанда, дүмпу жергілікті тұрғындарға сезілмеген.

Материал авторы