Енді баспанаға бастапқы жарнасыз қол жеткізуге болады

12.11.2025, 09:06
368
Енді баспанаға бастапқы жарнасыз қол жеткізуге болады SMARTNEWS.KZ коллажы

Елімізде 1% мөлшерлемемен және бастапқы жарнасыз ипотека басталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы аясында бастапқы жарнасыз және 1 пайыздық мөлшерлемемен ипотекалық несие беру басталды. Бұл туралы «Отбасы банк» хабарлады.

Банктің мәліметінше, бағдарлама ауылдық жерлерде жұмыс істейтін және тұрақты тұратын мамандарға арналған. Қатысушылар тұрғын үйді сатып алуға немесе салуға несие ала алады. Қарыздың ең жоғары көлемі – 2 500 айлық есептік көрсеткішке дейін, яғни 2025 жылы шамамен 9,83 миллион теңге. Қайтару мерзімі – 15 жылға дейін.

Несие мемлекет тарапынан қаржыландырылады. Биылдың өзінде 200 азамат осы бағдарлама арқылы баспанаға ие болды. Бұған қоса, ауылға келген мамандарға бір реттік көтерме жәрдемақы беріледі — 100 айлық есептік көрсеткіш, яғни 393,2 мың теңге. Бұл қаражат тұрмысқа қажетті жабдықтар мен алғашқы қажеттіліктерге жұмсалады.

Бағдарламаға техникалық, кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, ауылдық жерлерде кемінде үш жыл еңбек етіп жүрген мамандар қатыса алады. Олардың қатарында мұғалімдер, дәрігерлер, әлеуметтік қызметкерлер, агрономдар, мәдениет және спорт саласы өкілдері бар.

Қатысушылар алдымен жергілікті әкімдікке барып, өз өңірінде қандай мамандар жетіспейтінін анықтауы керек. Егер әкімдік қажеттілікті растаса, маман бағдарламаға жолдама алып, кейін «Baspana Market» платформасы арқылы өтініш бере алады.

Соңғы екі жылда осы бағдарлама бойынша 7 188 отбасы тұрғын үй мәселесін шешкен. 2023 жылы 17,7 миллиард теңгеге 3 483 несие, ал 2024 жылы 29,6 миллиард теңгеге 3 705 несие берілген.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады